Атырау, 27 қараша 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр

2 077 просмотра

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше, Түркияда түнгі клубқа шабуылдан кейінгі рейд кезінде ұсталғандардың кейбірінде Қырғызстан паспорты болуы мүмкін. МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, қазір ұсталғандардан қырғыз паспортының табылғанына қатысты тексеру жүріп жатыр. Ол екі елдің арнайы қызметі өзара байланыста жұмыс істеп жатқанын айтады.

Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Тайырбек Сарпашев ұсталғандардан табылған Қырғызстан паспорттарының жалған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тіркеу қызметінің мамандары да құжаттардың шынайылығын тексеріп жатыр.

Стамбулда 1 қаңтар күні түнде Reina түнгі клубына авоматпен қаруланған адам басып кіріп, адамдарға жаппай оқ атқан. Шабуылдан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған. Шабуылдаған адам қашып кеткен. Бұған дейін Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу полиция қылмыскердің кім екенін анықтап, оны іздеп жатқанын мәлімдеген.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Измир қаласында Стамбулдағы шабуылға қатысы бар деген күдікпен ондаған адам ұсталған. Ұсталғандар арасында Солтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтар да бар. Reuters агенттігінің хабарлауынша, полиция "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 20 адамды ұстаған. Reuters ұсталғандар өздерінің Орталық Азия мен Солтүстік Африка елдерінен шыққанын айтқанын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық

5 қаңтар 2017, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.