Атырау, 27 қараша 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

2 365 просмотра

Фото: Михаил Метцель / ТАСС
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінен және қарым-қатынасты жақсартуда ілгерілеушіліктің жоқтығынан көңілі қалды. Песков CNN-геғ берген сұхбатында Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Ресеймен ынтымақтастықты дұрыстағысы келетінін мәлімдегенін айтты. "Өкінішке орай, бұл диалогтың қашан басталатынын білмейміз" деді Кремльдің баспасөз хатшысы.

АҚШ-та арнайы қызметтің Ресейдің елдегі президент сайлауына ықтимал килігуіне қатысты есебі белсенді талқыланып жатыр. Федералдық тергеу бюросы (FBI) бұған қатысты Трамптың көмекшілеріне тергеу жүргізіп жатыр. Трамптың АҚШ ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Ақ үйден Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен байланысы туралы ақпаратты жасырғанын мойындаған соң отставкаға кеткен.

Ресейдің сайлауға ықтимал килігуін конгрестің бес комитеті де тексеріп жатыр. Песков бұларды "мастануд" деп атаған. "Біз мұны болашақта екі жақты қарым-қатынастарға үлкен қауіп төндіреді деп санаймыз және бұл мастанудың барлығы қисынды түрде аяқталғанын қалаймыз" деді Песков.

Дереккөз: Азаттық

13 наурыз 2017, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.