2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатын қабылдау құқығын алу үшін Түркия мен Германия таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы УЕФА-ның бас хатшысы Теодор Теодоридис шетелдік басылымға берген сұхбаттарында мәлім етті. Жақында Германия футбол одағы мен Түркия футбол Федерациясы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатын өткізуге өз ұсыныстарын жіберді. Енді УЕФА екі мықты ел арасында таңдау жасайды.
18 айдан кейін қай елдің футбол додасын қабылдайтыны анықталады.
Дереккөз: ҚазАқпарат