Атырау, 8 қазан 18:16
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды Әлемде

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери шенеуніктерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран атқан. Зымыран АҚШ президенті Дональд Трамптың Пхеньянның басты одақтасы - Қытай президенті Си Цзиньпинмен кезедсуінің қарсаңында жасалып отыр 5 сәуір 2017, 14:10 3 186 рет қаралды
Медведев Коррупциямен күрес қорының зерттеуін "бос сөз" деп атады Әлемде

Медведев Коррупциямен күрес қорының зерттеуін "бос сөз" деп атады

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) өзіне қатысты коррупциялық зерттеулерін "орынсыз соқтығу" деп атап, зерттеудің "нақты саяси мақсаты бар адамдарға" тиімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы Медведев "Тамбовский бекон" кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесуінде айтты. 5 сәуір 2017, 10:51 2 885 рет қаралды
БҰҰ Сириядағы ықтимал химиялық шабуылды тексермек Әлемде

БҰҰ Сириядағы ықтимал химиялық шабуылды тексермек

БҰҰ-ның әскери қылмыстарды тергеуші мамандары Сирияның Идлиб провинциясындағы кем дегенде 58 адам қаза тапқан ықтимал химиялық шабуылды тексеруге кірісті. БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистураның хабарлауынша, шабуылдың барлық айғақтар "химиялық шабуыл болғанын және оның әуеден жасалғанын" көрсетіп тұр. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі оқиғаны талқылау үшін шұғыл жиын өткізеді 5 сәуір 2017, 10:34 2 958 рет қаралды
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: Асадтың сайлауға қайта түскенін қолдамаймыз Әлемде

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: Асадтың сайлауға қайта түскенін қолдамаймыз

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Вашингтон Сирия президенті Башар Асадты "әскери қылмыс жасады" деп білетінін және оның Сирия басшысының сайлауына қайта түскеніне қарсы екенін мәлімдеді. 4 сәуір 2017, 10:48 2 561 рет қаралды
Петерборда теракт ұйымдастырған жанкештінің кім екені анықталды  Әлемде

Петерборда теракт ұйымдастырған жанкештінің кім екені анықталды

Алдын ала мәлімет бойынша Санкт-Петербор қаласында метродағы жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқан. Салдарынан өзі де оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Baq.kz ТАСС-қа сілтеме жасап 4 сәуір 2017, 10:30 2 110 рет қаралды
Трамп: АҚШ Солтүстік Корея мәселесін Қытайсыз да реттей алады Әлемде

Трамп: АҚШ Солтүстік Корея мәселесін Қытайсыз да реттей алады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Солтүсік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты қатаң саясат ұстана алмаса АҚШ онымен өзі айналысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 2 сәуірде Financial Times басылымына берген сұхбатында айтты. Трамп 6-7 сәуірде Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездеседі 3 сәуір 2017, 12:21 3 639 рет қаралды
Путин бүгін Лукашенкомен кездеседі Әлемде

Путин бүгін Лукашенкомен кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Санкт-Петербургте кездеседі. Соңғы уақытта екі ел арасында газ тасымалдау мен интеграция мәселелеріне қатысты жағдай шиеленісе бастаған. Соңғы айларда Лукашенко Ресейді бірнеше рет ашумен сынаған. 3 сәуір 2017, 10:06 2 409 рет қаралды
Порошенко Донбаста бітім орнатуға бұйрық берді Әлемде

Порошенко Донбаста бітім орнатуға бұйрық берді

Украина президенті Петр Порошенко әскери қолбасшылыққа 1 сәуірден бастап елдің шығысындағы қақтығыс аймағында атысты тоқтатып, қару-жарақты әкетуге бұйрық берді. Порошенко бұл туралы Мальтада Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкермен кездескен соң мәлімдеді. 31 наурыз 2017, 10:23 2 416 рет қаралды
Путин: Наразылық шаралары Майдан мен «Араб көктеміне» әкелді  Әлемде

Путин: Наразылық шаралары Майдан мен «Араб көктеміне» әкелді

Ресей президенті Владимир Путин 26 наурыздағы оппозицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясына қатысушылар тұтқындалатыны туралы айта келе, 2014 жылы Украинадағы рұқсат етілмеген наразылық акциялары төңкеріске әкелгенін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz. 31 наурыз 2017, 10:19 2 323 рет қаралды
Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға ордер берді  Әлемде

Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға ордер берді

Оңтүстіккореялық сот экс-президент Пак Кын Хені қамауға ордер берді, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Осылайша, сот оған тағылған айыптарға, оның ішінде парақорлық және билігін асыра пайдалану айыптауларына келісті.  30 наурыз 2017, 11:36 2 028 рет қаралды
Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын аяқтады Әлемде

Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын аяқтады

Түркия Сирияның солтүстігіндегі "Евфрат қалқаны" деп аталатын әскери операциясын аяқтағанын хабарлады. Бірақ Анкара Сириядан әскерін шығару жоспары бар, я жоғын айтпады. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым 29 наурызда операцияның "табысты аяқталғанын" мәлімдеді. Дегенмен ол жақын келешекте Сирияда жаңа операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады. 30 наурыз 2017, 11:29 2 373 рет қаралды
"Ника" лауреаттары 26 наурызда ұсталғандарға қолдау білдірді Әлемде

"Ника" лауреаттары 26 наурызда ұсталғандарға қолдау білдірді

Ресейде кинематография саласында берілетін «Ника» сыйлығы тапсыру рәсімінде лауреаттар елдегі саяси тұтқындар мен наурыздың 26-сында коррупцияға қарсылық акциясына шыққанда ұсталғандарға қолдау білдірді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап. 29 наурыз 2017, 12:58 2 192 рет қаралды
Әлемдегі әрбір бесінші ұялы телефон қолдан жасалған – ЭЫҰД  Әлемде

Әлемдегі әрбір бесінші ұялы телефон қолдан жасалған – ЭЫҰД

Әлемде сатылатын әрбір бесінші ұялы телефон мен бейнеойындарға арналған әрбір төртінші консоль (ойын приставкасы) қолдан жасалған. Мұндай деректі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы келтіріп отыр, деп хабарлайды Baq.kz. 29 наурыз 2017, 11:17 5 891 рет қаралды
Ұлыбритания премьері Brexit іске қосылатындығы туралы хатқа қол қойды Әлемде

Ұлыбритания премьері Brexit іске қосылатындығы туралы хатқа қол қойды

Алматы. 29 наурыз. ҚазТАГ – Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу үдерісін ресми іске қосатын хатқа қол қойды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен. 29 наурыз 2017, 10:49 5 144 рет қаралды
Молдова президенті ЕАЭО-мен ынтымақтастық меморандумына қол қоймақ Әлемде

Молдова президенті ЕАЭО-мен ынтымақтастық меморандумына қол қоймақ

Молдова президенті Игорь Додон Кишиневте 3-4 сәуірде өтетін конференцияда Еуразия экономикалық одағымен (ЕАЭО) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятынын мәлімдеді. Додон бұған қоса мамырда Молдованың одаққа бақылаушы ел мәртебесін алуына өтініш беретінін айтты. "Үкімет қаласын, қаламасын, меморандумға қол қойылады. Социалистік партияның өкілі, Мәскеументығы қарым-қатынас орнатуды жақтайтын Додон "Мен үшін мұны халықтың қалағаны маңызды. Сайлау кампаниясында мен Ресеймен стратегиялық әріптестікті қалпына келтіруге уәде бергем" деді. 29 наурыз 2017, 10:46 2 392 рет қаралды
Түркіменстанда онлайн төлем жасау тоқтатылды Әлемде

Түркіменстанда онлайн төлем жасау тоқтатылды

Түркіменстан банктері халықаралық пластикалық карталармен онлайн төлем жасауды тоқтатты. Азаттықтың Түркімен редакциясының дереккөздерінің хабарлауынша, онлайн төлемдер өткен аптаның соңынан бері жасалмай тұр. 28 наурыз 2017, 10:37 2 286 рет қаралды
Ресей соты Яценюкті тұтқындауға ордер берді Әлемде

Ресей соты Яценюкті тұтқындауға ордер берді

Ресейдің Ессентуки қалалық соты 27 наурызда Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюкті тұтқындауға ордер берді. Сот қаулысында Яценюкті ұстауға халықаралық ордердің 21 ақпаннан бері күшінде екені айтылады. 28 наурыз 2017, 10:16 1 751 рет қаралды
Мәскеу соты Навальныйге қарсылық шерулеріне қатысты айыппұл салды Әлемде

Мәскеу соты Навальныйге қарсылық шерулеріне қатысты айыппұл салды

Мәскеудің Тверь аудандық соты оппозиционер, Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальныйге Мәскеудің орталығында акция ұйымдастырды деп айыптап, 20 мың рубль (шамамен 350 АҚш доллары) айып салды. Бұл туралы оппозиционердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады. Навальныйге сонымен қатар полиция қызметкерінің талабына бағынбады деген де айып тағылған. Сот бұл іс бойынша шешімін жариялап жатыр. 27 наурыз 2017, 17:15 2 532 рет қаралды