Атырау, 28 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Порошенко Донбаста бітім орнатуға бұйрық берді

2 250 просмотра


Украина президенті Петр Порошенко әскери қолбасшылыққа 1 сәуірден бастап елдің шығысындағы қақтығыс аймағында атысты тоқтатып, қару-жарақты әкетуге бұйрық берді. Порошенко бұл туралы Мальтада Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкермен кездескен соң мәлімдеді.

Порошенко 29 наурызда Минскіде ресейшіл сепаратистермен жасалған келісімнің сақталатынына "аса үміт артпайтынын" да айтты. ТАСС агенттігінің мәліметінше, Луганск облысындағы сепаратистер өкілі сепаратистердің "бітімді сақтауға қашан да дайын екенін" хабарлаған.

30 наурызда Брюссельде өткен Ресей - НАТО кеңесінің жиыны кезінде әскери альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді сепаратистерге олардың бітім шартын орындап, ауыр әскери техникаларын алып кетуіне ықпал етуге шақырды. Ол сонымен қатар Мәскеуді қақтығыс аймағына ЕҚЫҰ бақылаушыларын кіргізуге де үндеді.

Дереккөз: Азаттық

31 наурыз 2017, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.