Атырау, 28 қараша 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

IAAF: Fancy Bear тобы серверлерімізге хакерлік шабуыл жасады

1 943 просмотра


Fancy Bear деп аталатын хакерлер тобы Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациялары федерациясының (IAAF) серверлеріне кибер шабуыл жасаған. Бұл туралы бүгін IAAF хабарлады.

IAAF хабарламасында серверлерге кибер шабуылдың 21 ақпанда байқалғаны айтылады. Шабуылдан дәрігерлер нұсқауы бойынша ғана тыйым салынған препараттарды пайдаланған спортшылар туралы мәліметтерге қауіп төнген. Хакерлердің ассоциация серверлерінен мұндай ақпаратты ұрлап алғаны, я алмағаны белгісіз. Қазір мамандар шабуыл салдарын жойып жатыр.

Өздерін Fancy Bear деп атайтын хакерлердің бұған дейін АҚШ Демократиялық партиясының, Германия парламенті мен Францияның TV5 телеарнасының серверлерін бұзуға қатысы бар. Бұл топ сонымен қатар ондаған елдің елшіліктеріне, Аргентина, Түркия, Оңтүстік Корея мен Украинаның қорғаныс министрліктеріне, НАТО өкілдеріне хакерлік шабуылдар жасаған. Оларды Ресей билігімен байланысы бар деп бірнеше рет айыптағанымен, Кремль оны жоққа шығарған.

2016 жылы IAAF Ресей жеңіл атлеттерін допинг қолданды деген күдікпен Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиададан шеттеткен.

Дереккөз: Азаттық

3 сәуір 2017, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.