Атырау, 28 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлыбритания премьері Brexit іске қосылатындығы туралы хатқа қол қойды

4 696 просмотра


Алматы. 29 наурыз. ҚазТАГ – Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу үдерісін ресми іске қосатын хатқа қол қойды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.

«Британия Еуропалық одақтан шығу мақсатында Лиссабон келісімінің 50-ші бабын іске асырғаны туралы ресми хабарлайтын хат Еуропалық одақтың төрағасы Дональд Тускке сәрсенбі күні тапсырылады. Хатты Лондон уақытымен 12.30 сағатта ЕО-дағы Ұлыбритания елшісі сэр Тим Барроу тапсырады. Бұл сәт Brexit рәсімінің формальды түрде басталғанын білдіреді», - делінген хабарда.

Одан соң Т. Мэй министрлер кабинетімен кездеседі, одан соң британия парламентінде сөз сөйлейді. Парламентарийлер алдында сөйлеген сөзінде ол ресми түрде Ұлыбританияның ЕО-дан шығу процессі басталғанын мәлім етеді.

Т. Мэй сонымен қатар елді бірлікке шақырады.

ВВС орыс қызметі хабарлағандай, 29 сәуірде ЕО көшбасшыларының саммиті өтеді және онда Ұлыбритания қатыспайды. Онда ЕО көшбасшылары Еурокомиссияға Brexit бойынша келіссөздер жүргізу мандатын береді. Одан соң Еурокомиссия келіссөздердің шамалаған жоспарын жариялайды, ал келіссөздердің өзі мамыр-маусымда басталады.

50-ші бап бойынша тараптарда ЕО-дан шығуына келіссөздерге келуіне екі жыл бар. Тараптар ол мерзімді ұзарту туралы уағдаласа алады.

Ақпан айының басында Ұлыбритания үкіметі елдің ЕО-дан шығу жоспарын жариялады. Құжат бойынша ел ЕО біртұтас нарығын тастап кетеді және Еуродақпен сауда жасау үшін жаңа кедендік ереже бекітеді, сондай-ақ Еуропалық сот құзыретінің бақылауынан шығады және келетін иммигранттарды бақылайтын өзіндік жүйені бекітеді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

29 наурыз 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.