Атырау, 2 маусым 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +25
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды

2 903 просмотра


Оңтүстік Корея мен АҚШ әскери шенеуніктерінің хабарлауынша, Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран атқан. Зымыран АҚШ президенті Дональд Трамптың Пхеньянның басты одақтасы - Қытай президенті Си Цзиньпинмен кезедсуінің қарсаңында жасалып отыр.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің бүгін таратқан мәлімдемесінде Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын Синпо ауданы маңынан Жапон теңізіне тақаны айтылады. АҚШ әскери шенеуніктерінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сай орта радиуста әрекет ететін KN-15 баллистикалық зымыраны ұшырылған. Америкалық әскерилер бұл зымыран Солтүстік Америка құрлығына қауіп төндірмейді дейді.

Егер бұл зымыран расымен баллистикалық зымыран болса, онда ол Пхеньянның Оңтүстік Корея, Жапония мен АҚШ-қа және Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран бағдарламасын айыптаған басқа да мемлекеттерге кезекті доқ көрсетуі болып саналады. Сынақ Қытайдың да алаңдаушылығын тудырды. Баллистикалық зымыранды пайдаланып сынақ жасау БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзған болып саналады.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Қытайды Пхеньянға зымыран бағдарламасын тежеуіне ықпал етуге шақырған. Ол егер Қытай бұл мәселеге араласқысы келмесе онда Вашингтонның дербес өзі қимылдай алатынын да ескерткен.

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин 6-7 сәуірде Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында кездеспек.

Дереккөз: Азаттық

5 сәуір 2017, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.