Атырау, 28 қараша 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин: Наразылық шаралары Майдан мен «Араб көктеміне» әкелді

2 027 просмотра

Фото: Михаил Метцель / ТАСС
Ресей президенті Владимир Путин 26 наурыздағы оппозицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясына қатысушылар тұтқындалатыны туралы айта келе, 2014 жылы Украинадағы рұқсат етілмеген наразылық акциялары төңкеріске әкелгенін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Путин сондай-ақ, «Араб көктемін» де еске салды.

«Менің пікірімше, бұны қандай да бір саяси күштердің жағдайды жақсарту мақсатында емес, саяси оқиғалар алдында өзін таныту үшін пайдалануға тырысуы дұрыс емес», - деді Ресей президенті Архангельск қаласында өткен Арктикалық форум барысында.

Путин Ресейдің сыбайлас жемқорлықпен күресіп келе жатқанын атап өтіп, Батыстың тұтқындау шараларын сынауға ешқандай алғышарт жоқ екендігін жеткізді. Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізілуі тиіс, бірақ азаматтар оны «саяси мақсаттарға» пайдаланбауы керек, дейді.

«Саяси үрдістер кезінде барлығы заң аясында болуы тиіс. Осы заң шеңберінен шыққандар Ресей заңдарына сәйкес жазаланады», - деп мәлімдеді Путин.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 26 наурыз күні наразылық акциясына шыққандарға ақша төлейміз деп уәде берілгенін растады.

Еске салайық, наразылық шаралары 26 наурыз күні ел астанасы мен басқа да бірқатар қалада өтті.

Дереккөз: Baq.kz

31 наурыз 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.