Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Молдова президенті ЕАЭО-мен ынтымақтастық меморандумына қол қоймақ

2 220 просмотра


Молдова президенті Игорь Додон (суретте) Кишиневте 3-4 сәуірде өтетін конференцияда Еуразия экономикалық одағымен (ЕАЭО) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятынын мәлімдеді. Додон бұған қоса мамырда Молдованың одаққа бақылаушы ел мәртебесін алуына өтініш беретінін айтты. "Үкімет қаласын, қаламасын, меморандумға қол қойылады. Социалистік партияның өкілі, Мәскеументығы қарым-қатынас орнатуды жақтайтын Додон "Мен үшін мұны халықтың қалағаны маңызды. Сайлау кампаниясында мен Ресеймен стратегиялық әріптестікті қалпына келтіруге уәде бергем" деді.

Молдова премьер-министрі, еуропашыл партияның коалициялық үкіметін басқаратын Павел Филип Додонның мәлімдемесін "елге айтарлықтай экономикалық және саяси пайда әкелмейтін, ойланбай жасалған қадам" деп атады. Үкіметтің Facebbok-тегі парақшасында Филип мұның "онсыз да әлсіз қоғамдық және саяси тұрақсыздықты бұзатынын" айтты.

ЕАЭО-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан кіреді. 28 наурызда өткен баспасөз конференциясында Додон Молдованың "румынданып бара жатқанына" да сынады. Оның сөзінше, "молдовалық балаларға көрші елдің (Румыния) мифтері мен империалистік идеологиясын үйретіп жатыр" және "ел президентінің молдовашылдық пен молдова бірегейлігін қорғап, мемлекетті нығайтатын уақыты келді".

Дереккөз: Азаттық

29 наурыз 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.