Астраханда полицейлерді өлтірген сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Life.ru.
Видеода полицейлер жол-патрульдік полициясы автокөлігінде жол апатының хаттамасын толтырып отырады. Болжамды қылмыскер де автоның салонында отырып, біраздан соң "Газель" микроавтобусқа қайтып барады.
Ештеңеден күдіктенбеген құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз жұмысын жалғастырады, бір сәтте олардың жанына белгісіз біреулер жүгіріп келіп, оқ жаудыра бастайды. Күдіктілер полицейлердің өлгендеріне көз жеткізген соң, полицейлердің табельді қаруын алып оқиға орнынан қашып кетеді.
Айта кетейік, осыған дейін Ресейде белгісіз біреулердің полицейлерге оқ атқаны хабарланған болатын. "Полиция қызметкерлері жол апаты болған жерге келген. Хаттама толтырып жатқан кезде оларға оқ атылған, болжаммен атыс қаруынан екі полицей де көз жұмды", - деген еді өңірдегі ІІМБ-ның өкілдері. Олардың бірінің артында екі баласы қалды.
"Ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен мына күдіктілер іздестіріліп жатыр: Нұрбол Саспанов, 1990 жылғы, Астрахан облысының тумасы, Әлібек Гизатов, Қазақстан тумасы, Закир Тәжіков, 1992 жылғы, Астрахан облысының тумасы, Намик Агарзаев, 1996 жылғы, Астрахан облысының тұрғыны, Қадырбай Маймашев, 1979 жылғы, Астрахан облысының тұрғыны, Ильяс Магомедов, 1990 жылғы, Қазақ КСР тумасы және 1986 жылғы Ахмед Магомедов, ол да Қазақ КСР тумасы", - деп түсіндірді Андрей Хегай.
Тергеу мәліметінше, 2017 жылдың 4 сәуірінде шамамен сағат 00.27-де белгісіз біреулер Астрахандағы Ленин ауданы Автозаправочный көшесінде орналасқан "Магистраль" дүкенінде полицейлерге шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz