Атырау, 26 сәуір 06:26
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Түркіменстанда онлайн төлем жасау тоқтатылды

1 934 просмотра


Түркіменстан банктері халықаралық пластикалық карталармен онлайн төлем жасауды тоқтатты. Азаттықтың Түркімен редакциясының дереккөздерінің хабарлауынша, онлайн төлемдер өткен аптаның соңынан бері жасалмай тұр.

Түркіменстанның мемлекеттік "Внешэкономбанкінің" кеңсесіне ілінген хабарламада 25 наурызда күшіне жаңа ереженің уақытша екені және ол пластик карталарға қызмет көрсету жүйесін жетілдіру үшін жасалып жатқаны айтылады. Азаттыққа "Внешэкономбанк" бөлімшесінде "карталарды бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңартылып жатқанын" хабарлады.

Түркіменстан тұрғындары үшін осы кезге дейін пластик карталармен операция жасау шетелде төлем жасаудың және қызметтерді шетел валютасымен Орталық банктің ресми бағамы бойынша конвертациялап төлеудің жалғыз мүмкіндігі болған.

Өткен жылы Түркіменстанның банк саласында тұрғындардың банкоматтан қолма-қол алатын қаржысының, оның ішінде жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерінің көлемін шектейтін шаралар қабылданған.

Дереккөз: Азаттық

28 наурыз 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.