Атырау, 27 қараша 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті

2 621 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуден кейін өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Германия мен Францияға Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол сонымен бірге Германия канцлеріне АҚШ-тың НАТО ұйымына адалдығынан айнымайтындығына сендірді.

Трамптың бұл сөзін қоштаған Меркель Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуды жете бағаламауға болмайтынын, алайда оны Украинадағы жағдайды шешумен байланыстырып қарастырған жөн болатындығын айтқан. Меркель сонымен бірге Берлин мен Вашингтон Тынық мұхиты арқылы экономикалық серіктестік жөніндегі келіссөздерді жалғастырады деп үміттенетінін жеткізген.

Бұл Трамп пен Меркельдің бетпе-бет алғаш рет кездесуі болды. Бұған дейін екеуі тек телефон арқылы сөйлескен. Ақ үйге кіреберісте Трамп Меркельмен қол алысып, екі басшыны журналистер видео және суретке түсірген еді. Бірақ кейін олардың тағы да қол алысуын сұраған фотографтардың өтінішін АҚШ президенті елеусіз қалдырған.

Баспасөз мәслихаты кезінде бұған дейін Трамп-Тауэр ғимаратындағы телефон әңгімелерін тыңдаған деп британ барлау қызметін айыптағанына қатысты берген түсініктемесінде АҚШ президенті бар болғаны Fox News телеарнасы эфирінен бір заңгердің айтқан сөзін дәйек еткенін мәлімдеген.

Сонымен бірге Трамп телефон тыңдауы мәселесіне қатысты Меркельмен «екеуіне ортақ нәрселер барын» мәлімдеген. 2013 жылы германиялық Der Spiegel журналы АҚШ барлау қызметі канцлер Ангела Меркельдің және еуропалық өзге де кей саясаткерлердің телефон әңгімелерін тыңдаған деген ақпарат жариялаған еді.

АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін Трамп 2015 жылы босқындарға шекараны ашқаны үшін Меркельді бірнеше рет сынаған. Германия канцлері өз кезегіндеТрамп әкімшілігінің АҚШ-қа бірқатар елдерден иммигранттардың келуіне тыйым салу туралы шешімін сынға алған.

Дереккөз: Азаттық

18 наурыз 2017, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.