ҚХР билігі шетелде 90-нан астам мемлекетте жасырынып кетпек болған 2566 қашқын
сыбайлас жемқорларды елге қайтарды, деп жазады China Daily, 2014-2016 жылдар
аралығында іске асырған «Аспан торы» науқанын қорытындылап.
Басылым мәліметтерінше, 1283 адам Қытайға өз еріктерімен оралып, кінәсін мойындады. Қашып жүргендерден 410 адам бұрындары Қытай Коммунистік партиясының мүшесі болып, мемаппараттарда әртүрлі қызметтерде болған.
Сондай-ақ жемқорлар алып кеткен 8,6 млрд юань ($1,25 млрд) қаражат елге қайтарылды.
Одан басқа, қытайлық билік ең белсенді іздеуде жүрген 100 жемқордың 39-ын елге қайтара алды.
Бұл ретте шетелде қашып жүрген отандастарды іздестіру және оларды елге қайтару жөніндегі орталық жұмыс тобының мәлімдемесінде осы ұйымдастырылған науқан «шенеуніктердің шетелге қашып кетуін тоқтатуға тиімді септігін тигізгені» қадап айтылады. Мысалы, 2014 жылы 101 мемқызметкер шетелге қашып кетуге әрекеттенсе, былтыр ол цифр 19-ға дейін төмендеді.
Дереккөз: ҚазТАГ