Атырау, 27 қараша 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Иран Израильге қатысты америкалық компанияларға санкция салмақ

2 477 просмотра

Иран билігі "Израиль мен оның террористік әрекеттерін қолдайтын" америкалық 15 компанияға санкциялар салады деп хабарлады Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі. Күдікті компаниялар Иранда жұмыс істемейтіндіктен бұл шешім символдық сипатта ғана.

АҚШ екі күн бұрын Иранның қару-жарақ бағдарламасына қатысы бар деген күдікке ілінген заңды тұлғалар мен адамдарға санкция салған.

Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде тізімдегі америкалық компанияларға ирандық әріптестерімен келісім жасауға тыйым салынатыны, ал олардың менеджерлері виза ала алмайтыны айтылған. IRNA-ның мәліметінше, санкциялар Израильге "палестиналықтарқарсы қолданылатын" қару-жарақ пен құрал-жабдық жеткізетін фирмаларға салынған.

Осымен бірге ирандық депутат егер АҚШ конгресі Иран ислам революциясын қорғау корпусын "террористік ұйым" деп таныса, онда Иран да АҚШ әскери қолбасшылығы мен ЦРУ-ды "террористік ұйымдар" деп танитыны туралы заң жобасын қарастыратынын мәлімдеді. Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Алладдин Боружердидің сөзінше, АҚШ-тың ниеті Иранның 2015 жылы әлемдік державалармен ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан келісіміне қайшы келеді.

Дереккөз: Азаттық

27 наурыз 2017, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.