Атырау, 27 қараша 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Беларусия арнайы қызметі Минскіде жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеді; 26 адам ұсталды

1 677 просмотра

Фото: РБК
Беларусия арнайы қызметі «Белый легион» және «Молодой фронт» қозғалысының белсенділерін ұстады. Олар 25 наурызда Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер жоспарлап отырған, деп хабарлады БЕЛТА.

«Мирослав Лозовский басқарған «Белый легион» қозғалысының белсенділері, сондай-ақ Дмитрий Дашкевич бастаған «Молодой фронт» белсенділері, барлығы 26 адам ұсталды. Олар мекен ететін жерлерде 29 тінту жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарда.

Соның нәтижесінде Калашников автоматы, 3 карабин мылтық, 2 тапанша, патрондар, гранаталар, шоқпарлар, лақтыратын пышақтар мен балталар, қопарылғыш заттар, әскери киім, бронжилеттер, каскалар, натолық үлгідегі медициналық аптечкалар, «Азов», «Тактической группы Беларусь» батальондарының, УНА-УНСО-ның (Украинская Национальная Ассамблея — Украинская Народная Самооборона ) әр түрлі атрибутикалары, сондай-ақ қалада соғыс әрекеттерін жүргізуге арналған оқулықтар алынды.

МҚК (КГБ) хабарлағандай, «Белый легионға» қатысты жағдайда олар кәсіби дайындығы жоғары жастары 25-43 аралығындағы содырлармен» ұшырасқан.

Арнайы қызметтегілер «Белый легионның» белсенділерінен алынған қарулар 25 наурыздағы көшелерде ұйымдастырылмақ акция кезінде қолданылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

«Белый легионның» белсенділері осы мақсатта «Молодой фронт» белсенділерін тартпақ болған. Жоспар бойынша Украинадан содырлар келмек болған. Әңгіме УНА-УНСО жақтаушылары мен Украинаның шығысындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ұлтшылдардың құрылымдарының мүшелері туралы болып отыр. Ал олармен «Белый легион» сонау 90-шы жылдардан бері тығыз ынтымақтастықта болған», - деп хабарлайды БЕЛТА.

«Белый легионның» ұсталған белсендісі 25 наурызда Минскіде тәртіпсіздіктер жоспарланғаны және «оған дайын болу керектігі» туралы нұсқау берілгенін айтып берген.

«25 наурызда шерушілерге шабуыл жасалуы мүмкіндігі және оған тойтарыс беруге дайын болу керектігі туралы бізге нұсқау берілді», - деп ұсталған белсенді СТВ телеарнасының эфирінде айтып берді.

Ұсталғандардың біреуі Столбцовский ауданындағы Теребейное деревнясының маңында жасалған көмбе туралы айтып берген. Одан саперлер арматура тығылған қапшық, 100 литрлік ыдыстар, (оларда да темір шыбықтар болған), 6 граната (Ф-1 және РГД-5) мен олардың білтелерін алған.

СТВ телеарнасы хабарлағандай, «Белый легион» содырлары 90-шы жылдардан бері көшелердегі акцияларда белсенділік танытып, полицейлермен шиеленістерге барып, УНА-УНСО-мен тығыз байланыста болып келген және өздерінің содырларын ормандарда дайындықтардан өткізіп отырған.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 наурыз 2017, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.