Атырау, 27 қараша 21:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ким Чен Нам өліміне Солтүстік Корея билігі жауапты

2 653 просмотра

Фото: smiexpress.ru
Солтүстік Корея президентінің бауыры Ким Чен Нам өліміне Солтүстік Корея билігі жауапты. Мұндай мәлімдемені Оңтүстік Корея өкілдеріне сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Ким Чен Нам өліміне күдікті ретінде алынған 8 адамның төртеуі Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінен, ал екеуі Сыртқы істер министрлігінің қызметкері.

Естеріңізде болса, Ким Чен Нам 13 ақпан күні Куала-Лумпур әуежайында аяқ асты көз жұмған еді. Малайзия дәрігерлерінің айтуынша, ажалға жүйке жүйесінің жұмысын тоқтататын у себеп болған. Қылмысқа байланысты жергілікті полиция төрт адамды тұтқындаған. Оған қоса, Солтүстік Кореяның төрт азаматына іздеу жариялады. Дегенмен, бұл елдің билігі аталған жағдайға қатысты жақ ашып мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: 24 Хабар

28 ақпан 2017, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.