Атырау, 27 қараша 21:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Google компаниясы Uber сервисін технология ұрлады деп сотқа берді

1 857 просмотра

Google-дің иесі Alphabet Inc компаниясы Uber сервисін сотқа берді, - деп хабарлайды Газета.ru басылымы Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Uber пилтсыз көліктерде қолданылатын лидар технологиясын (лазер локаторы) ұрлады деген күдікке ілінген. 

БАҚ-тың мәліметінше, Alphabet Inc. пилотсыз автомобильдерге арналған технология өндіруге маманданған Waymo компаниясын құрған. Бұл компания Uber-ді және Google-дің бұрынғы қызметкерлерін лидар жүйесін ұрлады деп айыптаған.

"Бұл әрекеттерді Waymo-ның зияткер мүлкін және коммерциялық құпияларын иелену мақсатындағы нақты жоспар болды деп есептейміз", - деп келтіреді БАҚ Google өкілдерінің сөзін.

Сөйтсек, Google компаниясының экс-қызметкері Энтони Левандовски қызметінен кетуінің алдында Waymo жүйесінің түрлі аппаратының арнайы сызбалары бар 14 мыңнан аса құпия файлды ұрлап алған. Оның ішінде лидар сызбасы да бар. Кейін ол бұл материалдарды Uber-дегі стартапында қолдана бастаған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 ақпан 2017, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.