Мажарстан мемлекеті Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартты. Бұл елдің халқы 4 жылда бір келетін ойындарды өткізуді қолдаған жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.
Мажарстан астанасы Будапешт қаласы 2024 қаласы Олимпиада ойындарын өткізуден үмітті болған еді. Бірақ биліктің бұл бастамасын халқы қолдамады. Сөйтіп, Олимпиада ойындарынан бас тартуға тура келді, деп хабарлайды Euronews.
Мұндай шешім Мажарстан үкіметінің отырысында қабылданды. Жиынға үкімет басшысы Виктора Орбан, Будапешт қаласының әкімі Иштван Тарлош және осы елдің ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Жолта Боркаи қатысты.
«Momentum» атты жастар ұйымы халық арасында сауалнама жүргізіп, референдум өткізуге атсалысты. Петицияға 260 мың адам қол қойған. Осыдан кейін қала әкімі халықтың қарсылығын ескерді.
Өйткені Олимпиада ойындарын өткізу бюджетке орасан зор шығын әкеледі. Сарапшылардың бағалауынша, Будапештке Олимпиада ойындарын өткізу үшін 3,5 млрд еуро керек екен.
2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізетін қала 2018 жылы 13 қыркүйекте анықталады. Үміткерлердің қатарында Париж және Лос-Анджелес қалалары бар.
Дереккөз: Baq.kz