Атырау, 9 қазан 18:07
 дождьВ Атырау +25.1
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Пойыз екі аяғын кесіп кетті: Павлодар ауруханасында жас жігіт көз жұмды

113 рет қаралды
Сурет: Айдана Ертай / rail-news.kz
Сурет: Айдана Ертай / rail-news.kz

Павлодарда теміржол вокзалында пойыз қағып кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды.

Қайғылы оқиға 30 қыргүйекте болған.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2004 жылы туған зардап шегуші Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды Halyqstan.

Дәрігерлер оған политравма және сол аяғының травмалық ампутациясы диагнозын қойды. Жас жігіт жансақтау бөлімінде жатып, бірнеше отаны бастан өткерді.

Дәрігерлердің жасаған әрекеттеріне қарамастан, ол 8 қазанда алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісіндегі жазбадан кейін белгілі болды. Желі қолданушыларының бірі теміржол вокзалының аумағында пойыз адамның аяғын кесіп кеткенін мәлімдеп, неліктен бұл туралы бұған дейін хабарланбағанына таңғалған.

Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға дерегін растады. Ведомствоның мәліметінше, Павлодар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, басқа егжей-тегжейлерді жарияламайды.

Бүгін, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.