Атырау, 27 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Солтүстік Корея Жапонияға қарай бірден төрт зымыран ұшырды

2 603 просмотра

КХДР Жапон теңізіне қарай бірден төрт баллистикалық зымыран атты. Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Оның айтуынша, 4 зымыранның 3-уі теңізге түспес бұрын 1 мыңға жуық шақырымды бағындырған. Айта кетерлігі, зымыран құлаған жер Жапонияның экономикалық аумағы саналады.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі зымыранның Тончхан (Солтүстік Корея) провинциясында орналасқан полигоннан ұшырылып, теңізге құлағанын растап отыр.

Алайда аталмыш аумақта қандай зымырандардың ұшырылғандығы туралы нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея билігі нақты қанша зымыранның ұшырылғаны жөнінде де жарытып ештеңе айтпай отыр.

Бірақ Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілі жергілікті телеарналарда жасаған мәлімдемесінде зымырандар құрлықаралық болуы мүмкін деп жорамалдады.

Айта кетейік, Солтүстік Корея соңғы рет 12 ақпанда ракета ұшырған болатын. Оған КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын да қатысқан.

Дереккөз: Baq.kz

6 наурыз 2017, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.