АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 3 наурыз Украинада «Степная» шахтасында қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлады УКРИНФОРМ.
Украина президенті Петр Порошенконың жарлығына сәйкес қайғылы қазаға ұшыраған шахтерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Аза тұту күнінде мемлекеттік билік, жергілікті басқару органдары, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Сондай-ақ мәдениет мекемелері мен телерадиокомпания ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын кейінге қалдырады.
Апат 2017 жылғы 2 наурызда «Львовуголь» кәсіпорнының «Степная» шахтасы бөлімшесінде орын алды. Жарылыс салдарынан шахтадағы тау жыныстары опырылып құлаған. Ұлттық полиция пен прокуратураның деректеріне сәйкес 8 кеші қаза тапқан, ал ауруханаға жатқызылғандар саны 21-ге жетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат