Египеттің апелляциялық соты бұрынғы президент Хосни Мүбәрактан (суретте) 2011 жылы өз билігіне қарсы халық толқуы кезінде демонстранттардың өліміне қатысы бар деген айыпты жойды. Сот шешімі бойынша, 88 жастағы экс-президент таяуда бостандыққа шығуы мүмкін. Египетті 30 жыл билеп, 2011 жылы ақпанда биліктен кетірілген Мүбәрак 2012 жылы 18 күнге созылған толқуда жүздеген демонстранттың өліміне айыпты деп танылып, өмір бойы түрмеге жабылған.
Сот процедуралық заң бұзылғанын айтқан апелляциялық сот алғашқы соттың үкімін жойып, жаңа сот процесін белгілеген. Жаңа сот процесінде айып алынды. Прокуратура сот шешіміне шағымданды. Билік соттың бұл шешімі түпкілікті және өзгертілмейтінін айтады.
Мүгедек арбасына тағылған Мүбәрак сотқа өзі қатысты. Ол коррупцияға қатысты жеке айыптар бойынша үш жыл түрмеде отырған, қазір Каирдегі әскери госпитальде қамауда отыр. Мүбәрак биліктен кеткен соң оның орнына исламшылдар жетекшісі Мохаммед Мурси сайланған. 2013 жылы оны әскерилер биліктен кетірген.
Дереккөз: Азаттық