Атырау, 27 қараша 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұлыбритания парламенті brexit туралы заң жобасына өзгеріс енгізді

3 090 просмотра

Ұлыбритания парламентінің лордтар палатасы елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын бастау туралы заң жобасына түзетулерді мақұлдады. Палата өкілдерінің көпшілігі оппозициялық Лейбористік партияның үкіметті Ұлыбритания территориясында тұратын ЕО азаматтарының құқықтарына кепілдік беруді міндеттейтін ұсынысын қолдады. Лейбористік партия үкіметті Ұлыбритания одақ құрамынан шыққан соң ел аумағында тұратын ЕО азаматтарының құқықтарына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынған.

Түзету үкіметті Лиссабон келісімінің ЕО-дан шығу жөніндегі 50-бабын қолданған соң үш айдың ішінде Ұлыбритания аумағында тұратын ЕО-ның 3 миллионға тарта азаматының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын білдіруге міндеттейді. Түзетуде парламент заң жобасын қабылдаған кезде Ұлыбритания аумағында заңды негізде тұрып жатқан ЕО-ның барлық азаматтары мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын brexit-тен соң өзгеріссіз қалдыру қарастырылған.

Премьер-министр Тереза Мэйге Лондонның ЕО-дан шығу процесін бастауына өкілеттілік беретін, үкімет үсынған заң жобасы оған енгізілген өзгерістерімен бірге парламенттің төменгі палатасы - қауымдар палатасына қайта жіберіледі.

Дереккөз: Азаттық

2 наурыз 2017, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.