
Перуде Гитлер Муссолини Симеон Флорес есімді саясаткер Уануко департаментіндегі Лаурикоча провинциясына қарасты шағын Керопалка округінің мэрі болып сайланды. Бұл туралы Euronews хабарлады.
45 жастағы кандидат орталықшыл-солшыл бағыттағы Ahora Nación партиясының атынан сайлауға түскен. Ол 663 жарамды бюллетеньнің 229-ын жинап, 34,5% дауыс алған. Оның басты қарсыласы Гаспар Бенильде Осорио Самбрано 204 дауысқа ие болып, 30,8% көрсеткішке жеткен. Осылайша, жеңімпаз қарсыласынан небәрі 25 дауысқа озып шықты.
Керопалка — халқының саны 730 адамнан сәл асатын шағын Анд таулы аймағындағы округ.
Euronews мәліметінше, Перуде Гитлер есімді саясаткердің сайланбалы қызметке келуі алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін Гитлер Альба Юнгар қаласының мэрі болған, ал депутат Гитлер Сааведра 2024 жылы қайтыс болғанға дейін ел Конгресінде қызмет атқарған.
Симеон Флорестің өзі де Уануко департаментінде Simeon Sac инвестициялық тобын басқарады.
В Атырау +23.8