Атырау, 27 қараша 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп конгрестен Обама әкімшілігінің "аңду әрекеттерін" тексеруді сұрады

2 141 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп конгрестен бұрынғы президент Барак Обаманың әкімшілігі 2016 жылы президент сайлауы кампаниясы кезінде өзінің тергеу өкілеттілігін асыра пайдаланған жоқ па деген мәселені анықтауды сұрады. 4 наурызда Трамп Обаманы Нью-Йорктегі өзінің кеңсесіне аңду құрылғыларын орнатуға бұйрық берді деп айыптаған. Бірақ президент айыптауына дәлел ұсынбады. Обаманың өкілі Трамптың тұжырымын "жалған" деп жоққа шығарды.

Обама тұсында ұлттық барлау қызметінің басшысы болған Джеймс Клаппер "Трампты аңду болған жоқ" деп айыптауды терістеді. "Қазіргі, жаңа тағайындалған президентке де, кандидаттарға да, я олардың сайлау штабтарына да қарсы мұндай әрекеттер жасалған жоқ" деді Клаппер NBC телеарнасына. Ол барлау қызметінің директоры ретінде "соттың кез-келген қаулысынан немесе соған ұқсас құжаттардан хабардар болғанын" айтты. Дегенмен ол басқа ведомствоға қатысты ешнәрсе айта алмайтынын жеткізді.

Ақ үй баспасөз хатшысы Шон Спайсердің мәлімдемесінде "2016 жылғы сайлаудан кейін бірден ықтимал саяси астары бар тергеу шараларының басталғаны" туралы хабардың "қатты алаңдататыны" айтылған. "Президент Дональд Трамп конгрестің барлау қызметі бойынша комитеттерінен өз өкілеттіліктерін пайдаланып, биліктің атқарушы тармағы 2016 жылы өз құзыретін асыра пайдаланғанын, я пайдаланбағанын анықтауды сұрайды" делінген Спайсердің мәлімдемесінде. Онда сонымен қатар "президент те, Ақ үй де аталған тексеру аяқталғанға дейін жаңа комментарий бермейтіні" айтылған.

Дереккөз: Азаттық

6 наурыз 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.