Атырау, 28 маусым 21:43
 снегВ Атырау +24.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Facebook технологияны ұрлау ісі бойынша сотта жеңіліп қалды

2 337 рет қаралды

Facebook технологияны ұрлау ісі бойынша өткен сотта жеңіліп қалды. Енді компания шағым түсірушіге 500 миллион доллар төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды "Газета.Ru"-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, сотқа ZeniMax студиясы шағым түсірген. Facebook 2014 жылы Oculus стартапын иемденбей тұрып, студия Facebook-тің VR-технологиялар бойынша маманы Лак Палмерді заңсыз түрде зияткерлік меншігін иемденді деп айыптаған.

Содан ZeniMax студиясы сотқа шағым түсіріп, Facebook-тен алты миллиард долларды өндіріп алмақшы болған. Алайда сот айыппұл ретінде 500 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарған. Енді Facebook компаниясындағылар апелляцияға бермекші.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 ақпан 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.