Атырау, 27 қараша 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Лукашенко: Бауырлас Украина өз тәуелсіздігі үшін соғысып жатыр

1 736 просмотра

Фото: Global Look Press

Беларусь президенті Александр Лукашенко "бауырлас Украина" қазір тәуелсіздігі үшін соғысып жатқанын мәлімдеді. Беларусь президенті ресми сайтының хабарлауынша, Лукашенко бұл туралы ғылыми және ғылыми-педагогика қызметкерлерінің алдында айтқан,- деп хабарлады Азаттық.

Лукашенконың сөзінше, Беларусь тәуелсіздікке тым жеңіл қол жеткізсе, басқа елдер ол үшін соғысуға мәжбүр болды. Беларусь президенті Минск үшін тәуелсіздік жолындағы соғыс саяси я экономикалық салада емес, экономикалық тұрғыдан жүріп жатыр.

Беларусь Украина шығысында өзін-өзі жариялаған "халық республикаларын" мойындаған емес. Киевтегі Беларусь елшісі Валентин Величко бұдан бұрын Минскінің Украинаның тұтастығын қолдайтынын мәлімдеген. Минск бұдан өзге Ресейдің Беларусьпен шекарасында әскери күшін арттырып жатқанына алаңдайтынын бірнеше рет білдірген.

Минск Донбастағы қарулы қақтығысқа қатысушылар келіссөз жүргізетін орынға айналған.

Александр Лукашенко 2016 жылы желтоқсанда Петербургте өткен Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиттеріне бармаған. Қаңтардың басында Беларусь 80 мемлекеттің, оның ішінде АҚШ, Еуропа Одағы елдері, Жапония мен Бразилия азаматтары үшін бес күнге дейін визасыз келіп-кету тәртібін енгізген.

Дереккөз: Азаттық

27 қаңтар 2017, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.