НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (суретте) альянс пен АҚШ-тың жаңа басшылығы Ресеймен "күш-қуат тұрғысынан" диалог орнату қажет дегенге уағдаласқанын мәлімдеді. Столтенберг АҚШ президенті Дональд Трамп пен қорғаныс министрі Джеймс Мэттис телефонмен сөйлескен кезінде АҚШ-тың НАТО алдындағы міндеттемелерінен айнымайтынын айтты,- деп хабарлады Азаттық.
"Жаңа әкімшіліктің де ішкі ниеті Ресеймен күш-қуат тұрғысынан ғана диалог орнатуды қалайды" деді Столтенберг.
НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кеткен.
20 қаңтарда қызметіне кіріскен АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Ресеймен қарым-қатынас орнатуға шақырып, НАТО-ның жұмысын сынап және Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуын қолдап Еуропаның алаңдаушылығын тудырған. Ол НАТО-ны "ескірген ұйым" деп атап, бірақ альянстың өзі үшін әлі де "өте маңызды" екенін айтқан.
Дереккөз: Азаттық