Атырау, 27 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Стивен О'Брайен: Сириядағы оқ атпау тәртібінің сақталуы - жақсылықтың нышаны

1 598 просмотра

Біріккен Ұлттар ұйымы Бас хатшысының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен Сириядағы оқ атпау тәртібінің сақталуы жақсылықтың нышаны екенін жариялады,- деп хабарлады 24.kz

Оған қоса Астана процесіндегі Ресей, Түркия және Иран елдері қол жеткізген келісім аймақта бейбітшілікті сақтауға көп септігін тигізуі мүмкін. Айтуынша, осының бәрі жарқын болашақтан үміт күттіреді. Дегенмен ол Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін Вади-Барада мен Ракка аудандарында соғысып жатқан тараптарға қысымды күшейтіп, азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындардың жапа шегуіне жол бермеуге шақырды. 

Стивен О'Брайен, БҰҰ Бас хатшысының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары: 

- Қақтығысушы тараптардың жағдайды саяси жолмен шешуге талпынуы жақсылықтың нышаны. Астанадағы келіссөз осыған дәлел. Бір-біріне қару кезеніп жүргендер бір үстел басына жиылды. Оның үстіне Ресей, Түркия, Иран елдерінің оқ атпау режимін сақтау туралы үш жақты келісімі шиеленістің шешімін табуына оң әсер етеді.

Дереккөз: 24.kz

27 қаңтар 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.