Атырау, 27 қараша 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мексика президенті Трамптың дуалына қатысты пікірін білдірді

1 890 просмотра

Мексика президенті Энрике Пенья Ньето АҚШ-пен шекарадағы дуал құрылысы үшін Мексиканың ештеңе де төлемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Мен арамызды бөліп тұратын дуал салу жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданғаныма өкініш білдіремін және оны айыптаймын. Мексика ешқандай дуалға сенбейді, Мексика ешқандай дуал үшін ақша төлемейді", - деп мәлімдеді Пенья Ньето.

Сонымен қатар, мексикалық саясаткерлер ел президентінен қаңтар айының соңына белгіленген Вашингтонға сапарынан бас тартуды талап етті. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Трамптың АҚШ пен Мексика арасын бөлетін дуалды салдыра бастағаны хабарланған болатын. Трамптың сөзінше, Ішкі қауіпсіздік министрлігі құрылыс жұмыстарын бірден бастайды. Мұның алдында ол дуалдың АҚШ бюджетінен салынып, кейін құрылысқа кеткен қаражатты Мехико 100 пайыз қайтарады деген болатын. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын конгресс мақұлдау керек.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 қаңтар 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.