Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынады

1 724 просмотра

Фото: ТАСС

Ресей "Плесецк" космодромынан Камчатка түбегіндегі полигонда орналасқан шартты нысанаға "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыранын атты,- деп хабарлады Азаттық.

"Зымыранның оқу-жаттығуға арналған әскери бөлігі полигондағы шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсірді. Бұл ұшырылым аталған типтегі құрлықаралық баллистикалық зымырандардың ұшу-техникалық сапасының тұрақтылығын тексеру мақсатымен жасалды" делінген Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Шахтаға орнатылатын үш сатылы, қатты отынмен ұшырылатын зымыран мен оның мобильді модификациясын Мәскеу жылутехникасы институты жасап шығарған. Зымыранды сынақтан өткізу 1994 жылы басталған, ал оның шахтаға орнатылатын түрі қорғаныс сапына 2000 жылы қосылған.

Зымыранның ұшу қашықтығы 11 мың километрге жетеді. Зымыранның ұшырылатын кездегі салмағы 46,5 тонна, жерге түскендегі салмағы 1,2 тоннаны құрайды және бір оқтұмсықты алып ұшады.

Дереккөз: Азаттық

17 қаңтар 2017, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.