Атырау, 27 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Савченко "тұтқындар мен із-түзсіз жоғалғандар" тізімін жариялады

1 744 просмотра

Украина депутаты Надежда Савченко Украина шығысындағы үш жылға жуық уақытқа созылған қақтығыста тұтқынға түскен немесе із-түзсіз жоғалған жүздеген адамның аты-жөнін жариялады. Савченко биліктің мұндай ақпаратты құпия ұстау туралы ескертпесін елемеді. Facebook-тегі жазбасында бұрынғы әскери ұшқыш, 2014 жылы Ресейде түрмеде отырып шыққан Савченко тұтқындар мен жоғалғандардың аты-жөнін жариялау украин билігін оларды босатуға барынша көп күш салуға мәжбүрлейді деп үміттенетінін айтты,- деп хабарлады Азаттық.

"Тұтқындар мен жоғалғандардың тізімін не үшін жариялау керек? Оларды табу үшін!" деп жазды Савченко. Ол тұтқын алмасудың, құпия түрмелерде отырған болуы мүмкін делінгендер мен із-түзсіз жоғалғандарды іздеудің жоспарын баяндады.

Украина қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған жоғары шенді шенеунігі Азаттыққа қауіпсіздік қызметі Савченконың тізімді жариялау шешімін қолдамағанын мәлімдеді. Ол тізім жарияланса ондағы адамдар мен олардың туыстары алаяқтардың және тізімді пайдаланғысы келіп қалатындардың құрбанына айналуы мүмкін дейді. Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі тізімді жариялау, я жарияламауды онда аталған адамдардың туыстары анықтауы тиіс болғанын айтады.

Дереккөз: Азаттық

11 қаңтар 2017, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.