Фото: АР
Түркия полициясы Анкарада парламент ғимаратының маңында жиналған оппозицияның шеруін қуды, олар елдегі президенттік жүйенің енгізілуіне қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Euronews.com-ға сілтеме жасап. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас тамызатын газ бен нөлден төмен температурадағы су пушкаларын қолданған.
Басылымның мәліметінше, шеруге адамдар Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Конституцияны өзгерту ниетіне наразылығын білдіруге шыққан.
Бүгін, 9 қавңтарда меджилисте депутаттар елдегі Басты заңды өзгертуге қатысты талқылауды бастады. Бірнеше оппозициялық партияның басшылары бұл күнді шеруге шығуға шақырған.
"Түркияны басып алды. Бүгін билікте отырғандар елдегі жарылыстар мен қақтығыстарға жауапты. Неменеге соншама қауіпсіздік шаралары? Бізде не соғыс жүріп жатыр ма?", - деді шеруге қатысушылардың бірі.
Дереккөз: Тengrinews.kz