Фото: Asia-Plus
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбе мэрі Махмадсаид Убайдулоевты отставкаға жіберіп, орнына үлкен ұлын қойды, - деп хабарлайды РИА Новости қала әкімдігінің дереккөзіне сілтеме жасап.
"Убайдулоев бұл қызметте 15 жылдан аса уақыт болды. Оның орнына президент өзінің үлкен ұлы Рустам Эмомалиді қойды, ұлы бұған дейін Жемқорлықпен күрес және қаржы бақылауы агенттігінің жетекшісі қызметінде болған", - депті агенттікке сұхбат берген дереккөз.
Оның мәліметінше, Душанбе мэрінің орынбасарлары және қала аудандарының төрағалары да ауысқан.
Дереккөз: Тengrinews.kz