фото: Mogu.by
Қытымыр қыстың суығынан көз жұмған еуропалықтардың саны 40 адамға таяп қалды. Марқұмдардың дені – Польша азаматтары,- деп хабарлады 24.kz.
Елдің кейбір ауданында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеген. Көршілес Чехияда да осыған ұқсас жағдай. Румынияда қарлы боран кесірінен мектептер мен біраз жол жабық тұр. Болгарияда сақылдаған сары аяздан 75 мың үй жарықсыз қалса, Сербияда төтенше жағдай жарияланған. Ал Италияда күннің күрт суытуынан темір жол саласы іркіліспен жұмыс істеп тұр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Кәрі Құрлықта жол апаттары жиілеп, бірқатар әуе сапары кейінге шегерілді. Ал синоптиктер алдағы уақытта қатты аяздың беті қайтады деп топшылап отыр. Дегенмен, Еуропаның көп бөлігінде күн әлі де суық болады деген болжам бар.
Дереккөз: 24.kz