Атырау, 27 қараша 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Навальный Ресей президенті сайлауына түспек ниетте

2 472 просмотра

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 2018 жылы Ресейде өтетін президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. Навальныйдың мәлімдеуінше, оның сайлауалды бағдарламасы "Ресейді әділетті заманауи мемлекет ету бағытына" құрылады.

Навальный Ресейде "1996 жылдан бері нағыз сайлау болған жоқ", ал өзінің сайлауға түсуі "қоғамға, мемлекет пен әрбір адамға, оның ішінде өз идеясын қолдамайтындарға да" пайдалы болады деп санайтынын айтады.

Навальный сайлауалды бағдарламасында сот жүйесі, салық жүйесі, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін реформалау қажетін, билікті орталықсыздандырып, сыртқы саясатты өзгерту керегін мәлімдеді. Саясаткер "Жеңіске жету үшін күресемін" дейді.

Алексей Навальный сайлауға түсу құқығына Ресей Жоғарғы соты өзіне "Кировлес" компаниясына қатысты іс бойынша шығарған үкімді жойған соң ие болған. Қазір бұл іс бойынша екінші қайтара сот тергеуі жүріп жатыр.

Навальный бұған дейін Ресей соты өзін сайлауға түсу құқығынан айыру үшін қайтадан айыптайтын үкім шығаратынына сенімді екенін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 желтоқсан 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.