Анкарада өлтірілген Ресейдің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карловтың денесі Мәскеуге жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Анкараның Эсенбога әуежайында түрік саясаткерлері, билік өкілдері мен дипломаттары елшіні ақтық сапарға шығарып салды. Түркияның Сыртқы министрі Мевлют Чавушоғлы мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің «Внуково» әуежайына қонған арнайы рейсті күтіп алды.
Дереккөз: 24.kz