Баспасөзді қорғау жөніндегі халықаралық ұйым 2016 жылы кәсіби міндетін атқарып жүріп қаза тапқан журналистердің саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайған, бірақ әскери жанжал аймағында мерт болған журналистер саны өскендігін айтты,- деп хабарлады Азаттық.
Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) желтоқсанның 19-ы күні жариялаған баяндамада жанжал аймағында тілші және фотожурналист болып жұмыс істеу аса қауіпті бола бастағаны туралы айтылған.
CPJ шайқас кезінде немесе тұс-тұстан жауған оқ астында қалып қаза болған журналистер саны 2013 жылдан бергі кезеңде биыл ең көп тіркелгенін айтады. Бұл мәліметтерде Таяу Шығыстағы аухалд да ескерілген. Зерттеуде 2016 жылғы қаңтардың 1-інен желтоқсанның 15-іне дейінгі кезеңде кәсіби міндетін атқару кезінде 48 журналистің қаза тапқаны (2015 жылы – 72 журналист) жазылған. Бірақ, бұған қоса әлем бойынша мерт болған тағы 27 журналистің қазасы тексеріліп жатыр деп хабарлады CPJ. Тексеру журналистер қазасының олардың кәсіби міндетін атқаруға қатысы бар-жоғын анықтауы тиіс.
CPJ атқарушы директоры Джоэл Саймон (суретте) 2016 жылы қаза тапқан журналистер саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайғаны туралы ақпаратты біршама жақсы жаңалық деп атаған.
Дереккөз: Аzattyq.org