Атырау, 27 қараша 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Анкарада Ресей елшісіне қастандық жасалды

1 909 просмотра

Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа (суретте) 19 желтоқсан күні Анкара қаласында қастандық жасалды. Түркиялық NTV телеарнасының хабарлауынша, көркемсурет галереясы ішінде әлдекім Карловқа оқ атқан,- деп хабарлады Азаттық.

Hurriyet газетінің ағылшынша вебсайтының жазуынша, елші Андрей Карлов галереяда өткен мәдени шарада сөз сөйлеп тұрғанда оқ тиіп жараланған. Қастандықтан соң ғимаратты Түркияның арнайы жасағы қоршап алған. NTV елшіден бөлек тағы үш адам жараланды деген мәлімет таратты.

CNN Turk телеарнасы ғимараттағы атыстың жалғасып жатқанын хабарлады. Қастандық жасаушының кім екені белгісіз, жергілікті БАҚ күдікті ретінде тапанша ұстаған, қара түсті костюм-шалбар киген ер адамның суретін көрсетіп жатыр.

Ресей мен Түркия - Сириядағы азаматтық соғысқа араласқан елдер. Бес жарым жылдан астам уақытқа созылған соғыс кезінде Ресей Сирияның автократ президенті Башар Асадты қолдап, былтыр оппозициялық көтерілісшілерге қарсы әскер кіргізді. Түркітілдес аз санды этностардың қауіпсіздігін сақтау деген желеумен Түркия да Сирияға әскер кіргізіп, шекараның екі бетіндегі күрд жасақтарына қарсы операция жүргізіп жатыр. Елден екі миллион сириялық босып кетті.

Дереккөз: Азаттық

19 желтоқсан 2016, 22:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.