Атырау, 27 қараша 17:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Беларусьте "Донбаста соғысқан" күдіктілерге тергеу басталды

1 655 просмотра

Көрнекі сурет

Беларусь билігі Украина шығысында әскери іс-қимылдарға қатысты деген күдікке ілінген он азаматқа қатысты тергеу бастады. Беларусь сыртқы істер министрі Игорь Шуневичтің 13 желтоқсанда журналистерге айтуына қарағанда, күдіктілер жалдамалылар ретінде ресейшіл сепаратистер жағында да, үкімет күштері жағында да соғысқан болуы мүмкін. Украинаның шығысындағы Луганск мен Донецк облыстарында 2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстан 9700-ден астам адам қаза тапты,- деп хабарлады Азаттық.

Тергеу басталғаны туралы хабарланғаннан бір күн бұрын Беларусьте неонацистер болуы мүмкін деген күдікті бір топ адамның үстінен сот басталды. Оларға этникалық жаулықты өршітті деген айып тағылған. Сотталушылар арасында Украинада сепаратистерге қарсы соғысты делінген Станислав Гончаров та бар. Кейбір мәлімет бойынша, Украина шығысындағы соғысқа постсоветтік елдерден шыққан біраз ерікті мен жалдамалы қатысып жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 желтоқсан 2016, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.