Абдулла Арипов Өзбекстан Премьері болып тағайындалды, деп жазды ҚазАқпарат АА gazeta.uz-ге сілтеме жасап.
Олий Мәжілістің бірлескен отырысында Өзбекстан премьер-министрі лауазымына кандидатура бекіту мәселесі қаралды. Президент Шавкат Мирзиеев парламентке премьер-министр орынбасары болған Абдулла Нығметұлы Ариповтың кандидатурасын ұсынды. Абдулла Арипов таяудағы және ұзақ мерзімді келешектегі Министрлер кабинетінің іс-қимылы бағдарламасымен шықты. Сөз сөйлеген өзге де депутаттар мен сенаторлар мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны қолдайтынын айтты. Сенат пен Заң шығарушы палата Абдулла Ариповты Өзбекстан премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Абдулла Арипов (1961 жылы туған) 2002 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың тамызынан дейін, 10 жылдан астам уақыт вице-премьер болып қызмет еткен. Қосымша 2005-2009 жылдары Өзбекстан байланыс және ақпараттандыру агенттігін басқарған. Биылғы қыркүйек айында А.Арипов қайтадан премьер-министр орынбасары және Жастар саясаты, мәдениет, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация кешенінің жетекшісі болып тағайындалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат