Атырау, 14 қазан 03:16
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мексикада 2 тонна есірткі тәркіленді

1 513 просмотра

Мексиканың Оахака штатының жағалауында Тынық мұхитының суларында шамамен 2 тонна есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды РИА Новости латынамерикалық елдің теңіз әскери флоты министрлігіне сілтеме жасап.

Есірткі заттары екі үлкен емес су кемесінен табылған. Кокаин 85 қапқа салынған. Бір кеменің экипажында болған адамдар жағалауға жетіп, қашып кеткен, ал екінші катердің бес адамы ұсталды.

Орталық Америка мен Мексикада кокаин өспейді, сол себепті мексикалық есірткі картелі Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа су арқылы, әуе арқылы жеткізеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

21 желтоқсан 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.