Атырау, 14 қазан 01:23
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті

2 040 просмотра

Еуропа Одағының (ЕО) елдері Австрия одаққа Түркияның қосылуы жөніндегі келіссөзді тоқтатуды талап еткен соң Еуропа комиссиясының жаңа ұсыныстарына келісе алмады,- деп хабарлады Азаттық.

Брюссельде 13 желтоқсанда өткен кездесуде Түркияның, Балқан түбегінің батысындағы елдер арасынан ЕО-ға мүше болғысы келетін үміткерлерге арналған ұсыныстарды мақұлдау жоспарланған. Келіссөз кезінде Австрия Түркиядағы бүліктен соң азаматтық қоғам өкілдеріне қарсы қудалаудың күшейгеніне байланысты Анкарамен келіссөзді тоқтатуды талап еткен.

Қарашада Еуропа парламенті келіссөзді тоқтатуға шақыратын қарарды мақұлдаған. Словакия сыртқы істер министрі Мирослав Лайчактің мәлімдеуінше, Брюссельдегі кездесуде ЕО-ның 27 мемлекеті ұсыныстарды қолдап, бір ел ғана қарсылық танытқан.

Дипломаттар Азаттықпен әңгімесінде бұл келіспеушіліктер Түркияның ЕО-ға қосылу процесін бұрынғыдан да баяулата түсетінін мәлімдеді. Олар келіспеушіліктердің Балқан түбегі елдеріне, оның ішінде Сербия мен Черногорияға салқыны тимейтінін, бірақ ол ЕО-ның бұдан ары кеңею ниеті жоғын білдіруі мүмкін екенін айтты.

Дереккөз: Аzattyq.org

14 желтоқсан 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.