Атырау, 14 қазан 03:17
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ИМ Берлиндегі шабуылды мойнына алды

2 401 просмотра

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар AMAQ сайтының мәліметінше, Берлинде жаңа жыл базарына жасалған шабуылдың жауапкершілігін ИМ мойнына алды,- деп хабарлады Азаттық.

19 желтоқсанда Берлиннің батыс бөлігіндегі Kaiser Wilhelm шіркеуінің жанындағы базарға жүк көлігі келіп соқтығып, ондаған метр жүріп барып бір-ақ тоқтаған. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 50 адам жараланған. Германия канцлері Ангела Меркель бұл оқиғаны "террорлық шабуыл" деп атады.

AMAQ сайтында жарияланған мәлімдемеде шабуылдаған адамның "ИМ сарбазы" болғаны, оның коалиция елдерінің азаматтарына шабуыл жасау туралы үндеу бойынша әрекет еткені айтылады.

Ал Германия прокуратурасы бұл оқиғаға жалғыз күдікті деп танылған Пәкістаннан шыққан босқынды дәлелдің жеткіліксіздігінен босатып жіберді. Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер 20 желтоқсанда Берлин билігі шабуыл жасаған адамның әлі бостандықта жүруі мүмкін екенін жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Мезьер полиция жүк көлігімен қалың адамға келіп соқтығудың теракт болғанына күмәнданбайтынын айтты. Оның сөзінше, шабуылдаған адамның не мақсаты болғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Берлин полициясының басшысы расымен жүк көлігін пәкістандық 23 жастағы босқын жүргізгені, я жүргізбегені әзірге белгісіз екенін мәлімдеген еді. Полиция босқын шабуылға қатысы барын жоққа шығарғанын айтқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 желтоқсан 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.