Атырау, 27 қараша 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Полиция адамдарды қақты делінген жүк көлігінің жүргізушісін ұстады

1 948 просмотра

Полиция адамдарды қақты делінген жүк көлігінің жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Euronews.com-ге сілтеме жасап.

Ер адамның оқиғаның маңында ұсталғаны хабарланып отыр. Осыған дейін жүргізушінің жасырынбақ болғаны белгілі еді, кейін бұл мәлімет жоққа шығарылды. Сондай-ақ, полиция өкілдері жүк көлігінің кабинасында екі адам болғанын, олардың бірінің өлі екенін айтылған. Басылымның мәліметінше, жүк көлігінде Польшаның, нақтырақ айтсақ, Гданьск қаласының нөмір белгісі бар.

Полициядағылар бұл оқиғаны әзірше теракт деп тануға асықпай отыр, себебі бұл қайғылы оқиға болуы да мүмкін. Алайда бақылаушылардың басым бөлігі мұны 14 шілдеде француздың Ницца қаласында болған терактпен салыстырып жатыр. Сол уақытта жүк көлігінің жүргізушісі жағалау маңында серуендеп жүрген адамдарды қағып өткен болатын. Сол уақытта терактіден 86 адам қаза тапқан еді. Ал бұл қылмысқа өздерін исламшымыз деп атаған топ мойнына алған еді.

Ал РИА Новости Welt газетіне сілтеме жасай отырып, Берлинде адамдар тобын қаққақ жүргізушінің Пәкістаннан келген босқын болуы мүмкін екенін хабарлады. Соған қарағанда, ол Германияға 2016 жылдың ақпанында босқын ретінде келген сыңайлы. Berliner Zeitung газеті өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, ер адамның Ауғанстанның тумасы екенін жазды. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.

Еске салайық, Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кеткен болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz


20 желтоқсан 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.