Сирия әскерилері Алеппода толық бақылау орнатқандарын мәлімдеді. Мемлекеттік арналардың хабарлауынша, 22 желтоқсанда көтерілісшілердің соңғы легі қаладан эвакуацияланды,- деп хабарлады Азаттық.
Халықаралық Қызыл крест ұйымының дерегінше, соңғы аптада Алепподан 30 мың адам эвакуацияланған. Эвакуация Сирия президенті Башар Асад пен оның одақтастарының әскері Алеппоның шығыс бөлігін көтерілісшілерден қайтарып алған соң Ресей мен Түркияның арағайындығымен қақтығысты тоқтату туралы келісімге сай жасалып жатыр.
Алеппо қаласын 2012 жылы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы басып алған. Соңғы үш жылда соғыс салдарынан мыңдаған адам Алеппоны тастап кеткен.
Дереккөз: Аzattyq.org