Атырау, 27 қараша 15:44
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстан: Каримов отставкаға жіберген адам премьерлікке ұсынылды

2 246 просмотра

Өзбекстанның биліктегі Либерал-демократиялық партиясы кезінде бұрынғы президент Ислам Каримов отставкаға жіберген, бірақ жаңа президент Шавкат Мирзияевке адал деп саналатын Абдулла Ариповты (суретте) премьерлікке ұсынды,- деп хабарлады Азаттық.

Партияның 12 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде Ариповтың "реформаларды іске асыруға жауапкершілік ала алатын адам" екені айтылады.

55 жастағы Арипов бұрын Өзбекстан почта және телекоммуникация агенттігінің басшысы, 2002-2012 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары болған. Каримов Ариповты 2012 жылы тамызда Ресейдің MTS телекоммуникациялық компаниясының Өзбекстандағы еншілес ұялы байланыс операторы "Уздунорбитаға" лицензияның заңсыз берілуіне қатысты жанжал кезінде отставкаға жіберген. "Уздунорбитаны" кезінде Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова бақылаған еді.

59 жастағы Шавкат Мирзияев қыркүйек айында Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов қайтыс болған соң президент міндетін атқарушы болды. 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда ол ресми есеп бойынша сайлаушылардың 87,83 пайыз даусын жинап, жеңіске жетті.

Дереккөз: Азаттық

13 желтоқсан 2016, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.