Атырау, 14 қазан 03:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдықтары уақытша жабылды

1 590 просмотра

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдықтары Анкарада белгісіз қарулы адам елшілікке кірмек болып, әуеге оқ атқан оқиғадан соң уақытша жабылды,- деп хабарлады Азаттық.

Елшілік жергілікті уақыт бойынша түн ортасында белгісіз ер адам елшілік алдында әуеге оқ атқанын, оны полиция ұстап әкеткенін айтады.

Мемлекеттік Anadolu агенттігі ұсталған адамның қойнынан қысқа атыс қаруын алып шығып, аспанға бірнеше рет оқ атқанын хабарлады. Бұдан соң елшіліктің қауіпсіздік қызметкерлері оның қаруын тартып алып, өзін ұстаған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғана Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты фотокөрмеде жас жігіт тапаншамен атқан. Елші жарақатынан қайтыс болған. Көрмеге полицей кейпінде енген қастандық жасаған адам шабуыл кезінде Ресейдің Сириядағы операцияларын айыптаған.

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне қоса Стамбул мен Адана қалаларындағы консулдықтары да уақытша жабылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 желтоқсан 2016, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.