Атырау, 3 маусым 09:50
 дождьВ Атырау +13.2
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

ДАИШ құрамында 860 қырғызстандық соғысып жүр

1 839 рет қаралды

ДАИШ қатарында Қырғызстанның 860 азаматы, соның ішінде 180 әйел соғысуда. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының діни жағдайлары туралы дөңгелек үстелде халықаралық қатынастар сарапшысы Чынара Эсенгул мәлімдеді,- деп хабарлады Қазақпарат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Сириядағы экстремистік ұйымдар өз қатарларына қосылып, соғысуға басқа елдердің азаматтарын шақырмайды.

«Олар Сириядан еш үмітқалмағанын айтып, террористік іс-әрекеттерді өз елдерінде жасауды ұсынуда», - деді сарапшы.

Чынара Эсенгул атап өткендей, Еуропа елдері мен Түркиядағы теракттар осының айқын дәлелі және олардың саны артуы мүмкін.

Дереккөз:Іnform.kz


22 желтоқсан 2016, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.